Елде 18 мыңға жуық тұрғын ерікті түрде қан тапсырды. Денсаулық сақтау министрлігінің өткен айда өткізген науқаны осыншама азаматтың тұрақты донор болуға ниетін көрсетті.
Елімізде қан донорларына төленетін қаржы сомасы көңіл көншітпейді. Олар үшін елдегі тегін тамақтанудың қаржылай баламасы 0,25 айлық есептік көрсеткіш болып белгіленген.
Биыл елде 18,5 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Құрылыс қарқыны жоғары болады деп күтіліп отырған қалалар көшін Астана, Алматы және Шымкент бастап тұр.
Астанадағы халықаралық әуежайында өткен кездесуде сала мамандары Ата Заң Преамбуласында белгіленген басымдықтар мемлекеттің іргетасын нығайта түсетінін алға тартты.
Зейнетақы қорындағы шекті сомадан артылған ақшаны қайта емге жұмсауға болады. Бұл туралы «Отбасы банк» басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова үкіметтегі брифинг кезінде мәлімдеді.
Щучинск қаласында жарылыстан қайтыс болғандар саны 11 адамға жетті. Демалыс күндері жансақтау бөлімінде аса ауыр жағдайда жатқан тағы екі науқас көз жұмды.
Қазақша қолжетімді жасанды интеллект моделдерінің бірі – Gemini. Қазақ тілі платформаның үшінші буынын іске қосу аясында енгізілген 23 жаңа тілдің қатарына енді.
Парижде әйгілі француз моделі, тегі қазақ Алла Елшіннің рухына тағзым жасалды. Жоғары сән әлеміндегі алғашқы азиялық модель осыдан 37 жыл бұрын Иври-сюр-Сен зиратында жерленген.
Қар еріген соң жылда су тасқыны қаупі күшейе түседі. Қазір Ақмола, Қарағанды, Солтүстік пен Шығыс Қазақстан және Абай облыстары қауіпті аймақтардың қатарында.