Алматыдағы телеарна бөлімшелеріне шабуыл жасалды

Антикор

Мәселенің мән жайын «Хабар» агенттігінің журналисі Аршын Кемелжан баяндады.

Бұзақылар Алматыдағы телеарналар филиалдарына да шабуыл жасады. Залал келтірілген нысандар арасында «Хабар» арнасының бөлімшесі бар. Бұған қоса, «Қазақстан» және «МИР» арналарының тас-талқанын шығарған. Кей жерлерді қызыл жалын шарпыды.  Төтенше жағдайға байланысты  өрт сөндірушілер оқиға орнына жете алмаған. Телекамералар түгел ұрланды. Бұзақылар өзге де ақпарат таратуға қажетті құрал-жабдықтарды тонап кеткен. Телевизия қайраткерлеріне қойылған ескерткіштерді де қиратқан. Оқиға кезінде кеңседе болған ұлттық арнаның заңгері жарақат алған.

Аршын Кемелжан, «Хабар» агенттігінің тілшісі:

–Тараз қаласындағы облыстық «Нұр Отан» партиясының филиалына шабуыл жасалған. Оқиға шамамен кеше түнгі сағат 10-11 шамасында болған. Бұл ғимаратта облыстық ішкі саясат басқармасы, «Хабар» Агенттігінің Тараз қаласындағы тілшілер қосыны болған. Бұзақылар партия ғимаратын басып алып, өртеп жіберген. Қазіргі уақытта өрт әлі де жанып жатыр.

Алмагүл Жазылбекова, «Мир» арнасы бөлімшесі бас режиссерінің орынбасары:

–Тараз қаласындағы облыстық «Нұр Отан» партиясының филиалына шабуыл жасалған. Оқиға шамамен кеше түнгі сағат 10-11 шамасында болған. Бұл ғимаратта «Хабар» Агенттігінің Тараз қаласындағы тілшілер қосыны бар. Бұзақылар партия ғимаратын басып алып, өртеп жіберген.

Айта кетейік, осы оқиғалардың салдарынан КТК, МИР және Еуразия, арналары эфирде үзіліспен жұмыс істеуге мәжбүр болды.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?