Қ.Тоқаев: ҰҚШҰ бітімгерлері екі күннен кейін елден шығарылады

Екі күннен кейін ҰҚШҰ бітімгерлік контингенті кезең-кезеңімен Қазақстаннан шығарылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Мемлекет башысы атап өткендей, қазіргі таңда лаңкесттікке қарсы операцияны аяқтау міндеті тұр. Бұл халықтың көшеде емін-еркін жүруіне, жұмысқа барып, оқуын жалғастыруы үшін аса маңызды. Жалпы елдегі ахуал тұрақталды. Алайда Президент елдегі дүрбелеңге қатысы бар барлық қылмыскерлерді ұстауды тапсырды. Қазақстанның берекесін қашыруды көздеген аласапыранның түбінде кімдер тұр? Неліктен мемлекет содырлардың астыртын іс-әрекетінен хабарсыз болды? Осыншалық заңсыз қару-жарақ пен әскери  құрал ел аумағына қалай әкелінді? Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы күндері елдің көкейінде жүрген салмақты сауалдарды қоя отырып, шұғыл тергеу тобына бұл мәселені егжей-тегжейлі әрі толыққанды зерттеуді мықтап тапсырды.

Әлихан Смайылов премьер-министр лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Сонымен қатар Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан бойынша төтенше жағдай жарияланды

Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды.

Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Кәрім Мәсімов тұтқындалды

ІІМ: «Дикий Арман» ұсталды

Тәуелсіз Қазақстан тарихында он бірінші рет аза тұту күні жарияланды

Қ.Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты