Бірқатар қаладағы ҰҚК департаментінің басшылары борышына адалдық танытқан жоқ – Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа премьер-министрінің кандидатурасын ұсынды.

Оны Мәжіліс қабылдап, Әлихан Смайылов Үкімет басшысы болып тағайындалды.

Президент Мәжіліс отырысында Үкіметке нақты тапсырмалар жүктей отырып, оқиға кезінде бірқатар қалада ҰҚК департаментінің басшылары борышына адалдық таныта алмағанын атап өтті.

«Қорғаныс министрлігі мен мемлекеттік қызметтегі әскери қызметшілер абыроймен көзге түсті. Бірақ бәрі бірдей өзінің борышына адалдық танытқан жоқ. Бірқатар қалада Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшылары жеткілікті әскери арсенал болғанына қарамастан, қызметтік ғимараттарды ондағы қару мен құпия құжаттармен бірге айқассыз тастап кетті», - деді Мемлекет басшысы.

Әлихан Смайылов премьер-министр лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Сонымен қатар Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан бойынша төтенше жағдай жарияланды

Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды.

Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Кәрім Мәсімов тұтқындалды

ІІМ: «Дикий Арман» ұсталды

Тәуелсіз Қазақстан тарихында он бірінші рет аза тұту күні жарияланды

Қ.Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты