Антальядағы Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар анықталды

1-3 сәуір аралығында Түркияның Анталья қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді, деп хабарлады Olympic.kz.

Додаға қатысатын спортшылар тізімі жарияланды.

Ерлер:

60 келі: Мағжан Шамшадин

66 келі: Бауыржан Сағынғалиұлы

73 келі: Аңсарбек Ғайнуллин, Жанболат Бағытбергенов

81 келі: Мәди Амангелді, Абылайхан Жұбаназар

90 келі: Асылан Сағитбек, Ерсұлтан Мұзафаров

100 келі: Айбек Серікбаев

+100 келі: Еламан Ерғалиев, Әділ Оразбаев

Әйелдер:

48 келі: Отгонцэцэг Галбадрах

57 келі: Севара Нышанбаева

63 келі: Зарина Шарипова