Бір ұпай бар. Футболдан Қазақстан құрамасының кестедегі орны қандай

Қазақстан құрамасы Киевте Украинамен тең түсіп (1:1), 2022 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бір ұпайға ие болды.

Матчтың 20-минутында Роман Яремчук алаң иелерін алға шығарған, абырой болғанда 59-минутта Серікжан Мужиков таразы басын теңестірді - 1:1.

Ал осы ойынмен қатар өткен Франция мен Босния және Герцеговина арасындағы кездесуде үш жолақты елдің құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Гол авторы - Антуан Гризманн.

Осылайша, D тобындағы командалардың турнирлік кестедегі орындары мынадай:

Франция - 7 ұпай (3 матч), Украина - 3 (3), Финляндия - 2 (2), Босния мен Герцеговина - 1 (2), Қазақстан - 1 (2).

Мұның алдында құрамамыз өз алаңында Францияға есе жіберген болатын. Бұл матчтағы ең мықты қазақстандық ойыншы аталды.