Қамшыбек Қоңқабаев бокстан Азия чемпионатының күміс медаліне ие болды

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Азия чемпионатының финалында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аса ауыр салмақта жұдырықтасқан ол финалда өзбекстандық Баходир Жалаловтан ұтылды. 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан ол финалда төрешілер шешімі бойынша 5:0 есебімен жарысты екінші орынмен аяқтады.