Жас боксшылар жеңіспен оралды

Жастар арасындағы Азия чемпионатында топ жарған боксшыларымыз Алматыға ұшып келді. Спортшыларды Алматы әуежайынан жанкүйерлері мен жақындары күтіп алды.

Дубайда өткен құрлықтық додаға 2003-2004 жылы туған бозбалалар қатысты. Азия біріншілігінде Қазақстан жастар құрамасы 12 медаль ұтып алды. Оның сегізі алтын, екеуі күміс, екеуі қола. Осылайша аға жаттықтырушы Қайрат Сәтжановтың шәкірттері Азия біріншілігінде командалық есепте бірінші орынға ие болды. Өзбекстан екінші, Үндістан жастары үшінші орынға тұрақтады. Ал 63,5 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Елнұр Сүйінбай турнирдің ең шебер боксшысы атанды.

Елнұр Сүйінбай, Азия чемпионатының жеңімпазы:

– Алтын деп көк байрағымызды көкке желбіретіп, әнұранымызды шырқату үшін барымызды салдық. Аллаға шүкір бәрі керемет өтті. Әр жекпе-жек өзінше қиын ғой. Енді маған өте қиын болғаны бірінші жекпе-жек болды.

Сондай-ақ...