«Астанадан» кеткен сербиялық футболшы мәлімдеме жасады

«Астананың» сербиялық қорғаушысы Антонио Рукавина карьерасын аяқтағанын мәлімдеді.

Бұл туралы «Спортски журнал» басылымына сілтеме жасап vesti.kz хабарлап отыр.

«Соңғы үш жылды «Астанада» өткіздім. Карьерамдағы тамаша жылдар үшін «Астанаға» рақмет айтамын. Қаңтарда 38 жасқа толдым. Отбасы туралы ойлайтын уақыт келді. Жаздан бері бутсы ілетін шеге іздедім дегендей. Өмірімнің жаңа парағын ашамын», – дейді Рукавина.

Рукавина «Астанадан» келісімшарты аяқталысымен кетті. Елорда клубы сапында ол 105 матч өткізген.

Кәсіпқой карьерасын ол 2002 жылы «Бежаньде» бастады. Одан кейін «Партизан» (2007), «Боруссия» Дортмунд (2008), «Мюнхен 1860» (2009-12), «Вальядолид» (2012-14) және «Вильярреалда» (2014-18) ойнады.

Сербия құрамасы үшін Рукавина 59 матчқа қатысты.