Биатлоннан Германиядағы әлем кубогі кезеңінің өтетін мерзімі ауысты

Биатлоннан Германияның Оберхофф қаласындағы әлем кубогі аясында спринтерлік жарыстың өтетін мерзімі ауыстырылды. 

Бұл туралы Халықаралық биатлоншылар одағы мәлімдеді. 

Жарыс 6 қаңтардан 7 қаңтарға ауыстырылды. Турнир уақытының өзгеруіне ауа райы жағдайы себеп болған. 

Оберхоффтағы өзге жарыстардың бәрі алғашқы кестеге сай өткізіледі. 7 қаңтар күні әйелдер арасындағы спринт, 8 қаңтар күні аралас эстафета мен сингл-микст жеңімпаздары анықталады. 9 қаңтарға із кесу жарысы жоспарланған.