Михаил Кукушкин Британиядағы турнирдің ширек финалына өтті

Қазақстандық Михаил Кукушкин жекелей сында Ноттингем челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Дүниежүзілік рейтингте 166-орында тұрған қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 118-інші, осы жарыстың 6-ракеткасы, испаниялық Фернандо Вердаскомен шеберлік байқасты. Бірінші партияда Кукушкин басымдылық танытты – 6:3. Екінші сетте қарсыласы тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (7:2). Үшінші, шешуші партияда есеп 5:4 болған мезетте Михаил тағы бір брейк жасай білді – 6:4.  Михаил жартылай финалға шығу үшін әлемнің 74-інші, доданың 3-ракеткасы, аустралиялық Джордан Томпсонмен кезедеседі.