Талдау. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік оңалту

«Нұрлы жүрек» халыққа қызмет көрсету орталығы. Іргесі 2016 жылы қаланған мұнда мамандар мүмкіндігі шектеулі балаларды күнделікті ортаға бейімдеуге көмектеседі, алға қарай ұмтылуға талпындырады. Күндізгі және стационар бөлімдерінен тұратын орталыққа әр түрлі диагноз қойылған балалар келеді. Денсаулығына байланысты қимылы шектелген балаларға мемлекет тарапынан жасалған әлеуметтік көмек жайын бүгінгі бағдарламада сөз етеміз.