20 өңірдегі аумақтық сайлау учаскелері 20 қараша күні болатын саяси науқанға дайын, деп хабарлайды «Хабар 24». Бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров аймақтардағы өкілдіктерінің есебін тыңдады. Қазір бюллетеньдер сайлау учаскелеріне жеткізіліп жатыр. Олар Ішкі істер органдарының қатаң бақылауында. Айта кетейік, елдегі 86 сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы сағат 6:00-де басталады. Бұл – әскери бөлімдер, түзету мекемелері, вахталық жұмыс орындары, шипажайлар мен стационарлық емдеу орындары. Сондай-ақ шет мемлекеттердегі дауыс беру учаскелері де жұмысқа дайын. Мәселен, Украинадағы Қазақстан азаматтары үшін дауыс беру учаскелері Варшава қаласында ұйымдастырылады.