435,87 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекия Қазақстанмен күн энергетикасы саласындағы тәжірибесін бөлісуге дайын

  • 266
  • UPD: 14:26, 06.02.2020
Грекия Қазақстанмен күн энергетикасы саласындағы тәжірибесін бөлісуге дайын parlam.kz

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Грекияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Адам Георгиос Адамидисті қабылдады.

Мәжіліс төрағасы Грекияның Қазақстанның Еуропадағы маңызды әріптесі екенін атап өтті. Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына биыл 28 жыл толды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аталған мемлекетпен ынтымақтастықты нығайтуға зор көңіл бөлгенін айта келіп, Н.Нығматулин қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің саяси бағытын одан әрі жалғастырып келе жатқанына тоқталды.

Н.Нығматулиннің пікірінше, бүгінгі күні мемлекеттеріміз арасында сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар белсенді дамып келеді. Алдағы уақытта туризм саласында әріптестік маңызды рөл атқарады. Мәжіліс төрағасы парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға айрықша көңіл бөлді. Заң шығару органдары арасында табысты ықпалдастық жалпы алғанда, екіжақты қарым-қатынасты тереңдетуге ықпал етпек. Өз кезегінде елші Грекияда Қазақстанды әлемдегі бейбітшіл және тұрақты мемлекет ретінде жоғары бағалайтынын, сонымен қатар біздің еліміздің даму бағдарына қызығушылықпен қарайтынын атап өтті. Адам-Георгиос Адамидис экономиканы әртараптандыру бағытында Грекия күн энергетикасы мен баламалы энергетика саласында өз тәжірибелерін ұсынуға дайын екенін жеткізді. Тараптар екі ел арасында парламентаралық іс-қимылдың әлеуеті мықты екенін сөз ете келіп, бейінді комитеттер мен ынтымақтастық жөніндегі топтар арқылы өзара байланысты тереңдетудің маңыздылығына назар аударды.

Ақпарат көзі: ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы