Банкоматтарда қолма-қол ақша жеткілікті

Бүгіннен бастап еліміздің бірқатар аймағында банкоматтарды қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету жұмыстары қарқын алды.

Екінші деңгейлі банктердің бұл қызметі Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент, Ақтау және Түркістан қалаларында жалғасып жатыр. Тапшылық жоқ. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық Банкі хабарлады.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті