376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранда жер сілкінді

  • 239
  • UPD: 15:31, 08.01.2020
Иранда жер сілкінді

Ұшақ құлаған Иранның оңтүстігіндегі «Бушер» атом электростансасы маңында жер сілкінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ирандық IRNA басылымы хабарлады. Мамандардың ақпарына сәйкес жер дүмпуінің ошағы Боразжан қаласынан 10 шақырым жерде тіркелген. Ал «Бушер» атом электростансасы жер сілкінісі ошағынан 48 шақырым жерде орналасқан. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпар келіп түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы