Украина шекарасындағы күзетін күшейтті

Укрина билігі Беларусьпен арадағы шекара күзетін күшейтті. Бұған өңірде белең алған миграциялық дағдарыс себеп.

Қазір аймаққа арнайы техникалар, шекарашылар мен ұшқышсыз аппараттар тартылып жатыр. Киев жақын арада тағы 8,5 мың сарбаз бен 15 тікұшақты жөнелтетінін хабарлады. Елдің сыртқы істер министрі ұйымдастырылған әскери оқу жаттығуларын өз көзімен көріп қайтты. Ведомство басшысы болашақта Ресей мен Беларусь елдерінің арасындағы шекараны қайта жабдықтау керек екенін ескертті.