Канада алдағы үш жылда 1,5 млн-ға жуық мигрантты қабылдауға ниет танытып отыр

Канада алдағы 3 жылда 1,5 млн жуық мигрантты қабылдауға ниет танытып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Билік осылайша бірнеше проблеманы шешпек. Елде жұмыс күші жетіспейді. Оның үстіне халықтың басым бөлігі қартайғандықтан бала туу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кеткен. Мұның бәрі экономикаға айтарлықтай салмақ салады. Сондықтан билік мигранттарға үміт артады. Бүгінде Канаданың әрбір төртінші тұрғыны басқа елден көшіп келген азамат саналады.