Ақтөбеде темір жол қатынасына шектеу қойылды

Ақтөбеде темір жол қатынасына шектеу қойылды

Өңірдегі Мақат және Жем станцияларында теміржол желісінің жабылуынан бес бірдей бағытта қатынайтын пойыздың жүруіне шектеу қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

700-ден астам жолаушы Ақтөбеде аялдап тұр. Арасында балалар да бар. Бұл туралы бүгін «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясының өкілдері мәлімдеді. Белгілі болғандай, кешеден бері Нұр-Сұлтан – Атырау, Алматы-Атырау, Ақтөбе – Атырау, Ақтөбе – Маңғыстау және Ақтөбе – Алматы бағытындағы пойыздар Ақтөбеге тоқтаған. Жолаушылар теміржол вокзалының қонақ үйі мен өзге де нысандарға орналастырылған. Билеттерін қайта өткізулеріне де жағдай жасалып жатыр.

Серғали Жайлаубай, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК Ақтөбе магистральдік желі бөлімшесінің директоры:

–Үйлері жоқ жолаушыларға осы вокзал төңірегінде орналасқан демалыс орындарынан орын берілді және осы вокзал ғимараты ішіндегі кафе, асханалардың бәрінен ыстық тамақ, шәй ұйымдастырылып жатыр. Қазіргі таңда енді жағдайдың тұрақталуына байланысты теміржол басқармасы шешім қабылдайды бұл пойыздардың жүру бағытына. Сол кезде жолаушылар өз бағытында жетуіне мүмкіндік болады.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?