Ақтауда белсенді азаматтар көпшілікті қоғамдық тәртіпті бұзбауға үгіттеді

Ақтауда белсенді азаматтар көпшілікті қоғамдық тәртіпті бұзбауға үгіттеді
РИА Новости

Орталық алаңда бейбіт шеру әлі де жалғасып жатыр.

Жұрт жиналған жерден күндіз екі шатыр жиналып алынды. Тағы екі шатыр мен киіз үй тұр.

Қала тыныш. Алаңға жиналғандар әлі де бар. Ынтымақ алаңына жақын жердегі дүкен, дәмхана мен дәріханалар жабық. Банкоматтар алында халық кезекте тұр. Кейбірінде ақша таусылған.

Белсенді азаматтар алаңдағы көпшілікті қоғамдық тәртіпті бұзбауға үгіттеп тұр. Жастар арандатушылыққа жол бермеу туралы бейнеүндеу жазып, әлеуметтік желіге жариялап жіберді. Жанармай бекеттері де жұмыс істеп тұр. Сұйытылған отынның литрі - 50 теңге, ал бензин тек талонмен босатылады.

Кеше орталықта мыңдаған адам жиналған еді. Қазіргі уақытта бейбіт шеру жалғасып жатыр. Қатысушылар тазалық пен тәртіпті сақтап тұр. Алаңның айналасына қоқыс жәшіктері мен био әжетханалар қойылған.

Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев

 

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?