Шымкентте бүлікшілер кесірінен 65 адам зардап шеккен

Олардың арасында полиция қызметкерлері мен қарапайым тұрғындар бар, деп хабарлайды Хабар 24.

Арнайы штаб өкілдері жарақат алғандар саны өзгеруі мүмкін дейді. Полиция департаменті 45 тәртіп сақшысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Оның екеуіне оқ тиген. Бүгін олар жансақтау бөлімінен шықты. Көшелердегі бейнебақылау камерасы түсірген таспадан нөмірсіз көлікке мінген белгісіз біреулердің шеруге шыққандарға бетперде мен түрлі құралдар таратып жүргенін көруге болады. Мамандар бұны бүлікшілердің арандатуы деп отыр.

Шыңғыс Мұқан, қала әкімінің бірінші орынбасары:

– Арандатушылар ұсталып жатыр. Кеше ұсталғандар арасында, өкінішке қарай, есін жинап алған соң ақша берілгені, энергетик берілгені, ұсталған адамдар солай айтты. Ата-аналар бала-шағаңызды сабырға шықырып, қаланың тұрақты жағдайын қамтамасыз етуге ат салысуға шақырамын.

Өңірде материалдық шығын көлемі анықталып жатыр. Шымкентте 10-ға жуық кәсіпкерлік нысаны мен стратегиялық маңызы бар ғимараттар бүлінді. Түркістан сарайы мен Көрме орталығы, қазақ драма театры мен қалалық әкімдік ғимараты қирады. Материалдық шығын көлемі анықталып жатыр. Билік өкілдері қазір жағдайдың тұрақталғанын айтты. Қоғамдық тәртіп толық бақылауға алынды. Коменданттық сағат тәртібі өз күшінде қалады. Полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті