Қызылорда облысында антитеррорлық операция жалғасып жатыр

Қызылорда облысында ішкі істер органдарына 391 адам жеткізілді. Ал уақытша ұстау абақтысына 62 адам қамалды.

Өңірде антитеррорлық операция жалғасып жатыр. 5 қаңтардан бері төтенше жағдай режимі талабын бұзған 82 адам анықталған. Облыс бойынша барлық ауданмен облыс орталығында 28 блок бекет орнатылған. Қалада зиян келген нысандарды қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Азық-түлік пен дәрі-дәрмектен тапшылық жоқ. Тұрақтандыру қорында бір жарым мың тонна азық-түлік қоры бар. Сұйытылған газ бен бензин де жеткілікті. Бүгінде 48 адам ауруханада ем алып жатса, 9-ы жансақтау бөлімінде.

Бектөре Сұлтан, Қызылорда облысының коменданты:

– Аймақта жедел ахуал тұрақты. Әкімшілік ғимараттар, наряд блок-посттар қарулы күзетпен қамтамасыз етілді. Көшедегі жағдай бақылауда. Мемлекеттік банк, басқа да ұйымдар жұмысы қалпына келді.  

Мемлекет басшысы мәлімдемесінің толық мәтіні

Әлихан Смайылов премьер-министр лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Сонымен қатар Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан бойынша төтенше жағдай жарияланды

Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды.

Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Кәрім Мәсімов тұтқындалды

ІІМ: «Дикий Арман» ұсталды

Тәуелсіз Қазақстан тарихында он бірінші рет аза тұту күні жарияланды

Қ.Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты