Нұр-Сұлтанда төрт жасар бала терезеден құлап кетті. Бұл туралы елордалық Полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлады Tengrinews.kz. «2 тамызда сағат 20:37-де полицияға Иманбаева көшесі бойындағы тұрғын үйдің сегізінші қабаттағы терезесінен төрт жасар бала құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Бала ата-анасымен бірге пәтерде болған. Ол ойнап жүріп, терездегі торға ауып, құлап кеткен. Әкесі оқиғаны көріп тұрып, ештеңе істей алмаған. Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды», - деді Полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жыл басынан бері елордада 25 бала терезеден құлап, олардың үшеуі қаза болған. Полиция қызметкерлері ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды және терезе алдында ойнауға жол бермеуді сұрайды.