389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ. Тоқаев Францияның экономика және қаржы министрі Б.Мэрді қабылдады

  • 578
  • UPD: 15:27, 30.07.2019

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Францияның экономика және қаржы министрі Бруно Ле Мэрді қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Франция арасында сенімді екіжақты ынтымақтастық орнағанын, әсіресе сауда-экономикалық және саяси салаларда зор мүмкіндіктер барын атап өтті. Сондай-ақ елімізде жұмыс істеп жатқан француз компанияларының табысты қызметіне тоқталып, шетелдік компаниялардың тиімді жұмыс істеуі үшін барлық жағдайлар жасалатынын айтты. Соңында Мемлекет басшысы Франция көшбасшысы Эмманюэль Макронға сәлем жолдап, ізгі тілегін білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Біз Францияны Еуропа одағы шеңберіндегі негізгі серіктес ретінде қарастырамыз. ЕО Қазақстанның басты сауда серіктесі болып табылады. Екіжақты сауда көлемі 4,5 миллиард АҚШ долларына жетті. Ал Франциядан ел экономикасына тартылған тікелей инвестициялар көлемі 15 миллиард АҚШ долларынан асты.

Бруно Ле Мэр, Францияның экономика және қаржы министрі:

– Жылы қарсы алғаныңыз үшін алғыс білдіремін. Франция мен Қазақстан арасында көп жылдық өзара тиімді стратегиялық әріптестік орнаған. Екі ел арасындағы өзара жемісті іс-қимылдарды барынша арттыруға ұмтылады.

Хабар 24 телеарнасы