Қ.Тоқаев шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді.

Мемлекет басшысына Бас прокурор, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Ішкі істер және қорғаныс министрлерінің міндетін атқарушылар есеп берді. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бітімгерлерінің Нұр-Сұлтанда күзет функциясын орындауы, қазақстандық құқық қорғау органдарының күштерін Алматыдағы лаңкестікке қарсы күрес операцияларына жұмылдыруға мүмкіндік тудырған. Жиында осылай айтылды. Мемлекет басшысы ел азаматтары мүддесі үшін елдегі ахуалды тұрақтандыруға бар күш-жігерді жұмылдыру бағытында тапсырмалар жүктеді.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті