«Барыс» елордада ЦСКА клубынан жеңілді

Құрлықтық хоккей лигасы матчында «Барыс» өз айдынында Мәскеудің ЦСКА командасымен ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Юрий Михайлис келесі құрамды шығарды: Ортио (Бояркин) — Морроу-Диц, Михайлис-Волк-Лилья; Альсинг-Мартинссон, Старченко-Куник-Фрэттин; Шалапов-Данияр, Томас-Бергулнд-Шестаков; Асетов-Гурков-Петухов, Шайхмедденов-Мусоров. 

Бірінші кезең Никита Михайлис шайба соғып, қазақстандық команданы есепте алға шығарды. Екінші кезең голсыз аяқталды. Матчтың үшінші бөлігінде Константин Окулов Йони Ортионың қателігін пайдаланып, таразы басын теңестірді. Ал овертаймда Окулов жеңісті шайбаны соғып кетті. 

25 қыркүйекте «Барыс» өз айдынында Новосибирскінің «Сибирь» командасын қабылдайды. 

«Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) — ЦСКА (Мәскеу, Ресей) 1:2 ОТ (1:0, 0:0, 0:1, 0:1) 

Шайба соққандар:

1:0 — 11:32 Михайлис (Старченко, Диц)

1:1 — 54:35 Окулов

1:2 — 63:00 Окулов (Нестеров)

Сондай-ақ...