Ұлттық құрама Пекин Олимпиадасына 38 лицензия жеңіп алды

Пекин Олимпиадасына 4 ай қалды. Қазірдің өзінде ұлттық құрама 38 лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қысқы ойындарға дейін оның санын 95-ке жеткізу жоспарда бар. Бұл жөнінде Ұлттық олимпиада комитеті Спорт дирекциясының басшысы Елсияр Қанағатов мәлімдеді. Оның айтуынша, қысқы спорт түрлерінен жүлдеге ілігу қиындау. Өйткені ұлттық құрамада резерв жоқ. Әсіресе, қысы қатты аймақтарда ізбазарлар дайындығы бір жолға қойылмаған. Қазір осы бағытқа басымдық беріп жатырмыз деді.

Айта кетейік, Прекин Олимпиадасы 4 ақпанда басталады. Оған 95 елден 4 мыңнан аса спортшы қатысады деп күтіліп отыр.