ҚХЛ «Барыстың» болашағына қатысты шешім қабылдады

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) президенті Алексей Морозов алдағы маусымда ҚХЛ-ға 22 клуб қатысатынын мәлімдеді. Олардың қатарында «Барыс» та бар.

Бұған дейін елорда клубы қаржылық қиындықтарға тап болғаны хабарланған.

«22 клуб алдағы маусымға қатысу туралы өтініш берді. Кей командалардың кемшіліктері бар, олар жұмыс тәртібімен шешіледі», - деді Морозов «Чемпионат» сайтына берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, Финляндияның «Йокерит» клубы мен Риганың «Динамосы» ҚХЛ құрамынан шыққан болатын.

2022/23 маусымға арналған клубтар кестесі:

  1. «Авангард» (Омбы).
  2. «Автомобилист» (Екатеринбург).
  3. «Адмирал» (Владивосток).
  4. «Ак Барс» (Қазан).
  5. «Амур» (Хабаровск).
  6. «Барыс» (Нұр-Сұлтан).
  7. «Витязь» (Мәскеу облысы).
  8. «Динамо» (Минск).
  9. «Динамо» (Мәскеу).
  10. «Куньлунь Ред Стар» (Бейжің).
  11. «Локомотив» (Ярославль).
  12. «Металлург» (Магнитогорск).
  13. «Нефтехимик» (Нижнекамск).
  14. «Салават Юлаев» (Уфа).
  15. «Северсталь» (Череповец).
  16. «Сибирь» (Новосибирь облысы).
  17. СКА (Санкт-Петербург).
  18. «Спартак» (Москва).
  19. «Торпедо» (Нижний Новгород).
  20. «Трактор» (Челябинск).
  21. ХК «Сочи» (Сочи).
  22. ЦСКА (Мәскеу).

Сондай-ақ...