Қазақстандағы ағаш өңдеу өнеркәсібінің қазіргі ахуалы бір мағыналы емес. Сарапшылар да осындай ойда. Олар саланың дамуына қатысты болжамды өте сақтықпен жасайды. Бір жағынан, соңғы уақытта Қазақстан экономикасының бұл саласы өсім байқатса, екінші жағынан мұндай көрсеткіштердің өзі 20 жыл бұрын болған мәліметтермен салыстыруға келмейді. (спикерлер: Байбаченова К.- ҚР Астана қ. бойынша жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары Қауымдастығының филиал директоры; Қасенов Б. - ҚР ИДМ индустриалдық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі Комитетінің бас сарапшысы; Айтбай О. - ҚР ИДМ индустриалдық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі Комитетінің сарапшысы)