384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев: Қазақстан кибермемлекетке айналуы тиіс

  • 209
  • UPD: 16:55, 20.11.2019
Қ.Тоқаев: Қазақстан кибермемлекетке айналуы тиіс

Astana Hub отандық инновациялық цифрлық ортаның дамуына мол үлес қосуда. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Цифрландыру – заман талабы. Astana Hub отандық инновациялық цифрлық ортаның дамуына мол үлес қосуда. Digital Centre (цифрлық ХҚКО) көптеген мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде көрсетеді. БҰҰ рейтингі бойынша Қазақстан 26-шы орында», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парашасында.

Өз сөзінде Astana IT University және Alem бағдарламалау мектебінде IT-дарындарының жаңа буыны қалыптасып келе жатқанын айтты.

«Олар – озық Қазақстанның қозғаушы күші. ҚР өңірдегі кибермемлекетке айналуы тиіс. Еліміздің технологиялық келешегі жалынды жастарымыздың қарым-қабілетіне байланысты», - деді Қ.Тоқаев.

Хабар 24 телеарнасы