384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


SpaceX компаниясы 60 интернет-байланыс спутнигін ұшырды

  • 381
  • UPD: 09:31, 12.11.2019
SpaceX компаниясы 60 интернет-байланыс спутнигін ұшырды

SpaceX компаниясы Флорида штаты Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан 60 интернет-байланыс спутнигін ұшырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, Иилон Масктың Starlink деп аталатын жобасы интернетті әлемнің кез келген нүктесінде қолжетімді етуге бағытталған. Компанияның жоспарына сай жалпы алдағы уақытта ғарышқа Starlink-тің 12 мыңға жуық спутнигі ұшырылуы тиіс. Осылайша SpaceX планетаның кез келген жерінде кеңжолақты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етпек ниетте.

Хабар 24 телеарнасы