445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейдің «Солтүстік ағыс-2» газ құбырының құрылысы тоқтап қалуы мүмкін

  • 394
  • UPD: 13:47, 21.12.2019
Ресейдің «Солтүстік ағыс-2» газ құбырының құрылысы тоқтап қалуы мүмкін

Ресейдің «Солтүстік ағыс-2» газ құбырының құрылысы белгісіз мерзімге дейін тұрып қалуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі жоба мердігері «Олсиз» компаниясы АҚШ санкциясына байланысты жұмыстарын тоқтатты. Бірлестіктің мәлімдеуінше, қазір компания Вашингтоннан жауап күтіп отыр. Өйткені сейсенбі күні АҚШ Конгрессі келесі жылдың әскери бюджет жобасын қабылдап, онда Ресейдің «Солтүстік ағыс-2» және «Түрік ағысы» газ құбырларына санкция салуды бекіткен. Ол жобаны жүзеге асырушы компаниялар мен тұлғаларға түрлі шектеу шараларын қолдануды қарастырады. Президент Дональд Трамп құжатқа қол қоятынын мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы