386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар 24» тілшілері петропавлдықтарға емхана мәселесін шешуге көмектесті

  • 835
  • UPD: 11:58, 26.01.2019
«Хабар 24» тілшілері петропавлдықтарға емхана мәселесін шешуге көмектесті

Сыннан нәтиже шықты. Осыдан он шақты күн бұрын Солтүстік Қазақстандағы «Хабар 24» тілшілері Петропавл қаласындағы емханалардың ықшамдалып жатқаны жайында материал дайындаған еді.

Нақтырақ айтсақ, денсаулық сақтау басқармасындағылар қала шетіндегі «Береке» шағын ауданында орналасқан емдеу мекемесіндегі учаскелерді тері-венерологиялық диспансердің ғимаратында көшіріп, тек бір ғана кабинетті қалдырған болатын. Бұл әрине, бірінші кезекте тұрғындар үшін ыңғайсыздық туғызды. Өйткені басы ауырып, балтыры сыздағандарға орталыққа қатынауға тура келді. Мұнымен қоса, халық бұрынғы тері аурулары ғимаратынан түрлі инфекция жұқтырып аламыз ба деп те үрейленді. Біздің арнада көрсетілген сюжеттен кейін сала мамандары мәселені қайта қарады. Нәтижесінде бірнеше учаскені бұрынғы емханаға қайтарды. Тіпті әкімдіктегілер қазір аталған ауданда жаңа емхана салуды да қарастырып жатыр.

Жеңіс Әбілев, №2 қалалық емхананың бас дәрігері:

- Тұрғындар алысқа шапқыламай, уақытылы ем-дом қабылдауы керек. Оның үстіне дер кезінде скринингтен өтіп тұрулары тиіс. Сондықтан халықтың пікірін ескеріп, осындай шешімге келдік. Қазір ондағы жалпы тәжірибедегі бір дәрігерге тұрғылықты мекенжайы бойынша 1750 адам қаралады.

Хабар 24 телеарнасы