Зиялы қауым халықты ресми ақпаратқа құлақ асуға шақырды

Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, жұмыла жұмыс істеу керек. Бұл әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясованың пікірі. Әнші ел азаматтарын арандатушылыққа ермеуге үндейді, деп хабарлайды Хабар 24.

Майра Ілиясова, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі:

– Жалпы мен қазақ халқын, елімізді ең бірінші арандатушылыққа бармай, ресми түрде айтылып жатқан, президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтып жатқан сөздің бәрін дұрыс ұғынып, дұрыс қабылдап, жан-жақтағы жақындарымызға, үлкен ақсақалдарымызға, үйдегі бала-шағаларымызға барлығын айтып түсіндіріп, бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарып, жұмыла жұмыс істеу керек деп ойлаймын.

– Анамын ғой, мен кеше теледидардың алдында отырып, көзіме жас алдым. Басында екеу деді, одан кейін сегіз деді, аяғында 18 жас полиция қызметкері, жап-жас жаңа ғана семья құрып, тіпті үйленіп те үлгермеген жас қыршындарымыз ажал құшты. Қаншама адамдар, тіпті дәрігерлерге, жедел жәрдем машинасына шабуыл жасауларын көзімізбен көрдік, қару-жарақ таратып, оны жастардың алып жатқаны бәрін түсінетін адамның көзі бар адам арандатушылық екенін көріп тұр. Сондықтан қымбатты қазақ елі, арандатушылыққа бармайық, ресми әңгімелердің бәрін дұрыс қабылдарыңыздар, елімізге амандық, тыныштық болсын.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті