Талдықорғанның күре жолдарына әскери блок бекеттер қойылды

Арнайы жасақ шаҺарға кіріп шыққан көліктерді жіті тексеріп жатыр.

Жолаушылар мен жүргізушілерден жеке төлқұжат талап етіледі. Автомобильдерді тінту барысында бірнеше көліктің нөмірін салып алған адам анықталды. Оны арнайы тергеу тобы тексереді. Қазір өңірде антитеррорлық операция жүріп жатыр. Түнде күштік құрылымдар лаңкестерді ұстаудың бірінші кезеңін өткізді. Жалпы, аймақта қоғамдық көлік қатынасы тоқтаған. Кешкі 8-бен таңғы 07.00 аралығында көшеде себепсіз жүруге болмайды.

Серік Күдебаев, Алматы облысының коменданты:

- Қазіргі кезде жағдай бақылауда. Бірінші кезектегі қажетті нысандардың барлығы штатты режимде жұмыс істеп тұр. Тұрғындардан жағдайға түсінікпен қарап, тыныштық сақтап, үйден себепсіз шықпауды сұраймын. Облыс аумағында террористік қауіптің қызыл деңгейі енгізілді. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған жағдайда қару қолданылатынын ескертемін.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті