Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бірқатар нысандарға барып, жұмысымен танысты.
Мамандар Ақмола, Алматы, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Қарағанды, Павлодар және Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қар мен боран күтілетінін ескертті.
Жаңа Конституция жобасын ел тұрғындары қолдайды. Олардың айтуынша, Ата заңдағы өзгерістер мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтып, ел тұтастығын айқындай түседі.
Биыл балалардың айнымас серігіне, ой бөлісер сырласына айналған «Айгөлек» журналына 25 жыл толды. Ширек ғасырлық тарихы бар басылым бүгінде оқырман санын 80 мыңға жеткізді.
Түркістан облысында бастауыш сыныптың бағдарламасын еркін меңгерген төрт жасар бала тұрады. Әли Адамбек есімді бүлдіршін құрдастары әліпби жаттап жүргенде, күрделі есептерді оп-оңай шығарады.