364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада автобуспен соқтығысқан көлік жүргіншіні қағып өтті

  • 213
Астанада автобуспен соқтығысқан көлік жүргіншіні қағып өтті

Астанада Сарыарқа даңғылы бойында автобуспен соқтығысқан жеңіл автокөлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті.

«14 шілдеде сағат 14:26-да Сарыарқа даңғылы мен Ә.Жангелдин көшесінің қиылысында жеңіл автокөлік бұрылып жатып, қарама-қарсы келе жатқан №46 автобуспен соқтығысты», - деп мәлім етті «Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметі.

Соққы салдарынан жеңіл автокөлік тротуарға шығып кетіп, жаяу жүргіншіні қаққан. Жол-көлік оқиғасынан жаяу жүргінші зардап шекпеген, оқиға орнынан белгісіз бағытқа кетіп қалған. Дегенмен, жеңіл соққыдан есеңгіреген автокөлік жүргізушісіне дәрігер көмегі қажет болған, бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартты. Жол-көлік оқиғасы орнына келген ІІД полиция қызметкерлері жеңіл автокөлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды.

Осы категория бойынша: « СҚО-ның Тайынша ауданында екі ер адам суға кетті Шымкентте айып тұрағындағы 45 көлік өртеніп кетті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы