435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде жол апатынан 5 адам қаза тапты

  • 147
  • UPD: 22:46, 19.03.2020
Ақтөбеде жол апатынан 5 адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, 5 адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жол апаты Самара – Шымкент тас жолының Хромтау ауданы Бөгетсай ауылы маңында болды. Қарсы бағытқа шығып кеткен жеңіл көлік жүргізушісі «Iveco» жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан жеңіл көлікте болған барлық бес адам оқиға орнында көз жұмды. Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Хабар 24 телеарнасы