Елдегі тәртіпсіздіктерге байланысты 125 қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы Мемлекет басшысы өткізген жедел штаб отырысында айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полиция органдарына 5 мың 800-ге жуық адам жеткізілген. Олардың арасында шетелдіктер де бар. Президент тәртіпсіздіктердің салдарынан келген шығындарды қалпына келтіру үшін Үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырды.

Атап өтейік, қазіргі таңда елдің барлық өңірінде жағдай тұрақталған. Құқық қорғау органдары қаскөйлер басып алған барлық әкімшілік ғимаратты босатты. Коммуналдық шаруашылық нысандар мен тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жұмысы қалпына келтіріліп жатыр.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды