389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Циндаодағы саммитте терроризмге қарсы күрес талқыланады

  • 596
  • UPD: 18:27, 09.06.2018

Мемлекет басшысы Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың портты қаласы Циндоаға барды.

Елбасы Шанхай ынтымақтастық ұйымының 18-саммитіне қатысады. Жиын ертең Сары теңіздің жағалауында өтеді. Оған Қытай, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан,Тәжікстан, Пәкістан, Өзбекстан және Үндістан елдерінің көшбасшылары қатысады. Иран болса, ұйымның толыққанды мүшесі болуға ниетті. Циндаодағы жиын - Шанхай ынтымақтастық ұйымының «Үлкен еуразиялық сегіздік» форматындағы бірінші саммиті. Былтыр Үндістан, Пәкістан секілді елдердің Астана саммитінде ұйымға мүшелікке өтуі сегіздіктің салмағын арттыра түсті. Құрылым кеңею арқылы геосаяси ықпалын күшейте түспек. Шанхай кеңесінде терроризмге қарсы күрес, шекара қауіпсіздігі, есірткі айналымын тежеу, сепаратизм мен экстремизм қаупінің алдын алу секілді күрделі мәселелер талқыға түспек. Бұлар бір елге ғана тән емес, тұтас мемлекеттердегі халықаралық деңгейде ушыққан мәселелер. Кеселден құтылудың жалғыз жолы – бірлесіп күресу. Саммит нәтижесі бойынша нақты ұсыныстар әзірленіп, Циндао декларациясы қабылданады деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы