Қазақстандағы жағдай БҰҰ өкілдерінің назарында

Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілдігі Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты ұйымға мүше 192 мемлекетке нота жолдап, көңіл айту кітабын ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осындай қиын сәтте қазақ халқының қайғысына ортақтасып, көңіл айтуға келгендердің арасында БҰҰ-ның Нью-Йорк қаласындағы хатшылық өкілдері мен шетледік дипломаттар бар. Олардың айтуларынша, мұндай қиын-қыстау заманда қазақ халқының ауызбіршілігін сақтап, шаңырағын шайқалтпау тұрғындардың өз еншісінде.

Мағжан Ілиясов, ҚР БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі:

– Қазақстанның Тұрақты Өкілдігі БҰҰ-ның Нью-Йорк қаласындағы хатшылығына және ұйымның Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдерге күнделікті ақпарат тарату жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда бейбіт шерушілер мен лаңкестердің аражігін ажырату өте маңызды. Себебі соңғылары қару асынып, бүлік шығарды және елімізде азаматтық төңкеріс ұйымдастыруға ұмтылды. Осындай сәттерде шетелдегі әріптестеріміздің қазақ халқына көңіл айтып, қолдау көрсетуі және мемлекет тарапынан қазіргі жағдайды тұрақтандыруға күш салып жатқанын түсіну қуантарлық жағдай.

Әлихан Смайылов премьер-министр лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Сонымен қатар Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан бойынша төтенше жағдай жарияланды

Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды.

Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Кәрім Мәсімов тұтқындалды

ІІМ: «Дикий Арман» ұсталды

Тәуелсіз Қазақстан тарихында он бірінші рет аза тұту күні жарияланды

Қ.Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты

Сондай-ақ...