365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы өз тобында бірінші орын алды

  • 139
Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы өз тобында бірінші орын алды sports.kz

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролиганың топтық кезеңінде қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды prosports.kz ҚФФ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Мәскеуде өтіп жатқан жағажай футболынан 2018 жылғы Еуролиганың алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы Молдованы 7:6 есебімен жеңген. Ал екінші матчта Греция құрамасын 4:0 есебімен оңай жеңген болатын.

Ерлан Жамантаев шәкірттері бүгін топтық кезеңдегі үшінші кездесуде Литваны 7:5 есебімен жеңді. Осылайша, қазақстандықтар өз тобында бірінші орын алды.

Хабар 24 телеарнасы