411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боксшы Серік Теміржанов Олимпиадаға жолдаманы жеңіп алды

  • 296
  • UPD: 23:59, 10.03.2020
Боксшы Серік Теміржанов Олимпиадаға жолдаманы жеңіп алды

Аммандағы іріктеу турнирінде Қазақстан командасының қоржыны кезекті қола медальмен толықты деп хабарлайды Olympic.kz.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық Серік Теміржанов жартылай финалда жеңіліс тапты.

Теміржанов 2019 жылғы әлем чемпионы, өзбекстандық Миразизбек Мырзахалиловтан ұтылды. Бірінші раундта төрешілер Серіктің басымдығын байқаған. Алайда тәжірибелі өзбек спортшысы қалған екі раундта қазақстандық боксшыға амал қалдырмады. Тіпті үшінші раундтың соңына қарай Теміржанов нокдаун алды.

Осылайша Серік Теміржанов Аммандағы іріктеу бәсекесін қола медальмен және Токио Олимпиадасының жолдамасымен тәмамдады.

Хабар 24 телеарнасы