417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатын Оңтүстік Корея павильонының тұсаукесер рәсімі өтті

  • 917

ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатын Оңтүстік Корея павильонының тұсаукесер рәсімі өтті.

Бұл – арнайы «Хабар 24» телеарнасы үшін Сеулде ұйымдастырылған шара. Қазірдің өзінде Қазақстанға бірнеше арнайы техника жіберілді. Әртістер де Астанаға сапар шегуге дайын. Оңтүстік Корея павильонының аумағы бір мың шаршы метрден асады. Мұнда осы елде шығарылған заманауи технологиялардың көмегімен өндірілетін қуат түрлері туралы шоу көрсетіледі. Сол үшін тіпті бір жарым тонналық сутектік автомобиль Астанаға теңізбен жіберілді.

Чой Кван Щик, Оңтүстік Корея павильонының бас дизайнері:

- Көрмеде күн батареясымен жұмыс істейтін және ғаламшарды айналып ұша алатын ұшақтың макеті болады. Павильонымыз 80 пайызға жабдықталған, енді тек өнер ұжымдары мен бейнеконтентті үйлестіретін компьютерлік бағдарламаны қосу қалды.

Бён Йон Соп, EXPO-2017 Корея Республикасы жұмыс тобының директоры:

- Павильонымыз екі қабатта орналасқан. Бірінші қабатта Кореяның энергетикалық технологияларын, ал екінші қабатта мәдениетін көрсетеміз. Көрме өтетін 93 күннің ішінде бізге бес жүз мың адам келеді деп болжап отырмыз.

Оңтүстік Кореяда ЭКСПО-ға келетін ең кішкентай қонақтардың да қамын ойластырып қойған. Оңтүстіккореялық павильонның кіреберісінде балаларды әлемдік деңгейде танымал мультфильмдердің кейіпкерлері қарсы алады. Корей тілінен Пороро аяқты жыбырлатып басу деген мағынаны білдіреді. Осы әртістердің биі көрме қонақтарын баламалы қуат көздерімен таныстыруға бағытталған. Стэп бишілері, би-бой тобы және дәстүрлі аспаптар ансамблі Астанада ЭКСПО қонақтары алдында өз өнерін көрсетеді. Кей поп жұлдыздары да келіп қалуы ғажап емес. Бірақ олардың есімдері әзірге құпия күйінде қалып отыр.

Пак Джун Хек, қойылымның қоюшы режиссері:

- Біз Астанадағы ЭКСПО көрмесінде өнер көрсететін әртістерді байқау арқылы таңдап алдық. Жеті ұжымның арасында екі әлем чемпионатының жеңімпазы атанған би-бой тобы да бар.

Келесі аптада өнер адамдары Астанаға аттанады. Бұл олардың Қазақстанға алғашқы сапары. Әйтсе де олар кейбір қазақ сөздерін жатқа біледі.

Авторлары: Владислав Цой, Ли Сан Хён 

Хабар 24 телеарнасы