386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атыраулық кәсіпкер түзеу мекемесінде кәсібін ашты

  • 980

Тұтынушылардың көңілінен шыққан сапалы өнім ғана кәсіпкердің тасын өрге домалатады.

Атыраулық табысты азамат Олег Тасуньян осындай пікірде. Ол басқарып отырған арнайы киімдер тігетін цех қазір облыстың түкпір-түкпірінен тапсырыс алады. Енді мемлекеттік бағдарламаның игілігін пайдаланып, кәсіп аясын кеңейтуді жоспарлап отыр. Олег Тасуньян өз ісін сонау 80-ші жылдардың басында ашқан. Барлығы да үйде тұрған қарапайым іс машинасынан басталған екен. Бүгінде өңірдің ірі аудандарынан ауқымды тапсырыс алатынкәсіпорынға айналды. Негізгі басымдылық түрлі маман иелеріне арналған арнайы киімдер тігу. Екі жыл бұрын кәсіпкер «Бизнестің жол картасы бағдарламасы» арқылы жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, автоматты киім пішу кешенін сатып алды. Біліктілігін жоғарлатып келген оператор Ирина Лиханова қазір осы заманауи технологияны еркін меңгерген. Жаңа құрылғы уақытты да, материалды да үнемдеп, табысты арттыруда.

Ирина Лиханова, сәнгер-шебер:

- Ең бастысы киімнің формасын дәл және сапалы шығару. Сол кезде ғана тігінші ұсақ-түйекке уақыт жоғалтып отырмайды. Қолмен істелген нәрседен бәрібір кемшілік шығады. Ол материал зая кетті деген сөз. Бұл жерде 15 төсем бар, қайсысын алсаңыз да қателік жібермейсіз.

Қазір цехта 30 тігінші еңбек етеді. Олардың 16-сы темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатқан әйелдер. Олег Тасуньян алғашқылардың бірі болып түзеу мекемесінде кәсіп ашқандардың бірі. Екі цех айына 1 000 дана жазғы арнайы киім топтамаларын шығарады. Әрине бұл жетістікке мемлекеттің қолдауынсыз жету екіталай еді,- дейді кәсіпкер.

Олег Тасуньян, кәсіпкер:

- Біз үнемі құралдарымызды жаңартып келе жатырмыз. Осыған дейін жаман болған жоқ,дегенмен іс жүрмей тоқтап қалған сәттер кездесті. Қазір еңбек демалысында жүргендер ғана жұмыста жоқ. Ал қалған жұмысшылар өз орындарында,өйткені екі тігін цехында да тапсырыс жоғары.

Жуықта кәсіп иесі «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша тағы несие алып, жаңа құралдар алуды көздеп отыр. Осылайша болашақта қауіпсіздіктің әлемдік стандартына сай келетін, мұнай өндіру саласындағы еңбеккерлерге арналған арнайы аяқ киім тігу туралы идеяны жүзеге асырмақ.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Талғат Өтеғұлов, Әзілхан Уахитов.

Хабар 24 телеарнасы