388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Рио-2016: Жерлестеріміз 6 спорт түрі бойынша сынға түседі

  • 1107
Рио-2016: Жерлестеріміз 6 спорт түрі бойынша сынға түседі bnews.kz

Бразилия төрінде төрткүл дүниенің назарын аударған Олимпиаданың 10-шы жарыс күні өтіп жатыр.

Біздің жерлестеріміз бүгін 6 спорт түрі бойынша сынға түседі. Атап айтар болсақ, ескек есу, жеңіл атлетика және ауыр атлетика. Айтпақшы, соңғысынан көпшілік ұлттық құрама қоржынына медаль түседі деген үмітте. Өйткені, 105 келіге дейін ерлер арасындағы бәсекеде ел намысын Александр Зайчиков қорғайды. Халықаралық сарапшылар да, отандық мамандар да оның қазіргі дайындығына жоғары баға беруде. Сондықтан, ауыр атлетикадан екінші алтынды алып қалуымыз әбден мүмкін.

Садық Мұстафаев, Қызылорда облыстық спорт басқармасының басшысы:

- Александр Зайчиков шығады. Мен ойлаймын ол жеңісті қолдан бермейді. Мінезін көрсетіп, Қызылордадан Илья шыға алмай қалса да, мен ойлаймын Саша жақсы нәтиже көрсетеді.

Бұған қоса, бүгін 4 бірдей боксшымыз шаршы алаңға шығуы тиіс болса, оның бірі жеңіл салмақта ширек финал жолдамасын сарапқа салған Олжас Сәттібаев Әзірбайжан боксшысына есе жіберді. Алда жартылай финалға шығуға тырысатын Жәнібек Әлімханұлы және финалға жол ашып тұрған Данияр Елеусінов бар. Ал ең басты жекпе-жек қазақстандық Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенко арасында болады. Жеңіске жеткені Рио Олимпидасының чемпионы атанады

Хабар 24 телеарнасы