387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сириядағы түрік танктеріне шабуыл жасалып, 1 сарбаз ажал құшты

  • 560

Сирияның Джараблус қаласында түрік танктеріне шабуыл жасалып, 1 сарбаз ажал құшты.

Бұл Түркия билігі жүргізіп жатқан «Евфрат қалқаны» операциясы аясында қаза тапқан алғашқы жауынгер. Тағы 3-уі жарақат алған. Олар Түркияға тікұшақтармен жеткізілді. Зымырандар күрдтердің «Халықтық өзін-өзі қорғау күштері» бақылау жасайтын аумақтан атқыланған. Естеріңізге сала кетейік, Түркия «Евфрат қалқаны» операциясын Сириядағы «Ирак пен Левант лаңкестік тобына» және күрдтік әскери құрылымдарға қарсы 24 тамызда бастаған еді. Құрлық әскеріне танк, арнайы жасақ пен әуе күштері көмек беруде. 

Хабар 24 телеарнасы