376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грозный қаласындағы дауыл жас қыздың өмірін қиды

  • 715

Грозный қаласында күшті дауыл соқты.

Апаттан 21 жастағы қыз қаза тапты. Оны желден құлаған жер үйдің қабырғасы басып тастаған. Ауыр жарақат алған қыз ауруханада көз жұмды. Тағы да бір ер адам жарақаттанған. Дауылдан 70-тен аса ғимаратқа зақым келді. Олардың арасында мектептер, перзентхана мен аурухана бар. Жүздеген ағаш пен шам бағаналары құлаған. Қаланың бір бөлігі газ, ауызсу мен электр қуатынсыз қалды. Грозный қаласында табиғи апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланды.  

Хабар 24 телеарнасы