Таиландтың Пхукет аралындағы 3 жағажай жабылды. Бұған улы теңіз жәндігі – физалия немесе «португал кемесінің» пайда болуы себеп. Бұндай шешімді Сиринарт ұлттық паркінің басшылығы қабылдап отыр. Найтон, Най-Янг және Лаян жағажайлары демалушылар үшін жабық.
Айта кетейік, физалиялардың сыртқы келбеті медузаларға ұқсас және олар мұхиттарға ағыс арқылы келеді. Олардың уы адам өміріне өте қауіпті.