386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Денсаулық пойызы» Ақтөбе облысын аралап жүр

  • 814

Алдымен Алға ауданының орталығына тоқтап, дәрігерлер бірнеше күн қабылдау өткізді.

Пойыздағы жоғары білікті мамандар заманауи құрылғылардың көмегімен медициналық тексеру жүргізіп, кеңестерін беріп жатыр. Пойыз тоқтаған алғашқы күннің өзінде 200 адам тексеруден өткен. Алыс ауылдардан әдейілеп келгендер де бар. Әсіресе, офтальмолог пен гемотоонколог маманның қабылдауына жазылғандар көп. Себебі ауданда ондай мамандар тапшы. Астана мен Алматы және Ақтөбедегі ірі клиникалардың 20 дәрігері облыс аумағын бір ай бойы аралайды. Мұғалжар, Шалқар, Темір және Хромтау аудандарында болып, қабылдау өткізеді.

Ғизат Саматұлы, «Денсаулық пойызының» бас дәрігері:

- «Денсаулық пойызымыздың мақсаты – Ақтөбе облысының аудандарында қолжетімді мамандармен медициналық қараулар өткізу. Халықтың шешілмей жүрген медициналық сұрақтарын шешуге көмектесу. Алға қаласынан бөлек, Шалқар, Хромтау қалаларында, Шұбар ауылында медициналық көмек өрсетеміз.

 

 

Хабар 24 телеарнасы